×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Бас прокуратураның комитеті Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Бүгін, 14:05
Бас прокуратураның комитеті Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Астанадағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта бүгін іс қарала бастады. Талапкер ретінде Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті, ал жауапкер ретінде Назарбаев Н. Б. көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«За нами уже выехали» Telegram-арнасының мәліметінше, әңгіме марқұм Болат Назарбаевтың 41 жастағы ұлы Нұрбол Назарбаев туралы болуы мүмкін. 

– Астанадағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта бүгін Назарбаевтар фамилиясы аталды. Мұнда талапкер ретінде ҚР Бас прокуратурасының активтерді қайтару комитеті, ал жауапкер ретінде Назарбаев Н. Б. қатысуда. Бұл марқұм Болат Назарбаевтың 41 жастағы ұлы Нұрбол Назарбаев болуы мүмкін. Істің мән-жайы, өкінішке қарай, құпия. Комитет пен сот құпиялыққа сілтеме жасады, – делінген жазбада.

НҰРБОЛ НАЗАРБАЕВ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Бар мәліметке сүйенсек, Нұрбол Назарбаев 2011–2017 жылдары Алматы облыстық ІІД-де қызмет етіп, басшының орынбасары лауазымын атқарған. 2017 жылы ашық деректер бойынша ол Prime Capital Holding инвестициялық қорын құрып, бақылау кеңесін басқарған.

Серіктес жаңалықтары