×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Әлеуметтік желіде Бақытжан Төреғожинаның атынан фейк хабар тарады

Бүгін, 14:32
Әлеуметтік желіде Бақытжан Төреғожинаның атынан фейк хабар тарады
Фото: Ұлысмедиа

Адам құқықтарын қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның атынан фейк тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде құқық қорғаушы Бақытжан Торегожина өзінің қызметі үшін баға белгілеп отырғандай видео тарап жатыр.

– Баршаңызға ескерткім келеді: мен құқық қорғаушы ретінде 25 жылдық жұмыс тәжірибемде барлық көмекті тегін көрсеттім! Бұл видеодағы дауыс – бөтен біреудің даусы, оған менің еш қатысым жоқ! Менде ешқашан көп ақша болған емес, автокөлігім жоқ, саяжайым жоқ, 40 жыл бұрын салынған ескі екі бөлмелі пәтерде тұрамын. Темекі шекпеймін, ішімдік ішпеймін, мысығыммен бірге өмір сүріп жатырмын. Маған қарсы арандатулар Марат Жыланбаев жайлы пост сотқа жеткеннен басталды және әлі күнге дейін жалғасуда. Мұндай арандатуларға ермеңіздер! Әлеуметтік желілерде мен туралы осындай өтірік әрі жала жабылған ақпаратты таратқандарды құқық қорғау органдары жауапқа тартсын деп талап етемін! – деді Төреғожина.

КОНТЕКСТ

Бақытжан Төреғожина – Қазақстандағы белгілі құқық қорғаушы, қоғам қайраткері және «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының жетекшісі. Ол билік әрекеттерін жиі сынға алып, елдегі адам құқықтарының бұзылуын бақылаумен айналысып келеді.

Серіктес жаңалықтары