×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Алматыдағы бір ауданда жаңа жылға дайындыққа 178,5 млн теңге бөлінбек

Бүгін, 16:27
Алматыдағы бір ауданда жаңа жылға дайындыққа 178,5 млн теңге бөлінбек
Фото: ЖИ - Ұлысмедиа

Алматыдағы Бостандық ауданында жаңа жылға дайындыққа 178,5 млн теңге бөлінбек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әкімдік аппараты мемлекеттік сатып алу порталында жаңа жылдық безендіруге арналған лот жариялады. ZTB мәліметінше, құжатта:

  • 62,5 млн теңге «Атакент» аумағын мерекелік безендіруге бөлінбек. Техникалық сипаттамаға сәйкес, биіктігі 25 метр, диаметрі 12 метр болатын шырша орнатылады. Сондай-ақ гирляндалар, үш фотозона және жарық мүсіндері қарастырылған. Олардың қатарында биіктігі 2 метрлік жылқы бейнесі мен «2026» цифрлары жазылған арка-шар бар.
  • Тағы 62,5 млн теңге Тұңғыш Президент саябағын әрлеуге жұмсалады. Мұнда да шырша қойылып, түрлі гирляндалар мен фотоаймақтар орнатылады.
  • Ал 53,5 млн теңге ауданның негізгі көшелерін жарық шамдарымен безендіруге бағытталмақ.

Өтінімдер 24 қыркүйектен 1 қазанға дейін қабылданады.

Айта кетсек, Түрксіб ауданы әкімдігі де жаңа жылдық дайындыққа 178,5 млн теңге бөлуге ниетті.

Серіктес жаңалықтары