×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

БҰҰ Бас Ассамблеясы өз жұмысын бастады

БҰҰ Бас Ассамблеясы өз жұмысын бастады
Ulysmedia

Нью-Йорк қаласынан хабар таратып жатқан редакциямыздың бас редакторы Самал Ибраеваның мәліметінше, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы ресми түрде ашылды. Биылғы жиын «Бейбітшілік, даму және адам құқықтары үшін 80 жыл және одан әрі» ұранымен өтіп жатыр. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлемнің 150-ден астам мемлекет және үкімет басшылары жаһандық күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелерді талқылау үшін бір алаңға жиналды. Осыған байланысты Нью-Йоркте қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді. Жуырда болған оқиғалардан кейін полиция мен федералды органдар қала орталығында ерекше бақылау орнатты. Соған қарамастан, баспасөз өкілдерінің жұмысына кедергі жоқ. Журналистер үшін арнайы медиа-орталық ашылып, Бас Ассамблея ғимаратына кіріп-шығуға толық мүмкіндік берілген.

Сессияның күн тәртібінде жаһандық сын-қатерлерге қарсы ортақ әрекетке бағытталған мәселелер қаралмақ. Көшбасшылар климаттың өзгеруіне қарсы жаңа ұлттық жоспарларын ұсынбақ. Сонымен бірге таза энергия көздеріне көшу, тұрақты даму, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайы талқыланады. Ал денсаулық саласында созылмалы аурулар мен психикалық дерттердің алдын алуға арналған саяси декларация қабылдау жоспарланып отыр. Бұған қоса, әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау, әйелдер ұйымдарын қолдау мен қаржыландыруды күшейту де күн тәртібіндегі өзекті тақырыптардың бірі.

СЕССИЯҒА АЛҒАШ РЕТ ҚОСЫЛАТЫНДАР

Биылғы сессияға Африка Одағы да айрықша белсенділік танытып отыр. Ұйым төрағасы Нью-Йоркке арнайы келіп, БҰҰ-пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Конго, Судан және Сахель аймағындағы гуманитарлық дағдарыстарды халықаралық деңгейде көтеру ниетін білдірді.

Сондай ақ, Сирия президенті Ахмад аш-Шараа БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысу үшін жексенбі күні Нью-Йоркке келді.

Бұл – араға алпыс жылға жуық уақыт салып, сириялық көшбасшының Бас Ассамблеяға алғаш рет қатысуы. Соңғы рет 1967 жылы елді Нуреддин әл-Атаси таныстырған болатын.

ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ 

Бүгін АҚШ уақытымен сағат 17:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуі өтеді. Ал сессия мінберіндегі сөз сөйлеп, баяндама жасауы Нью-Йорк уақытымен 13:00–14:00 аралығына, яғни Астана уақытымен 22:00–23:00 аралығына жоспарланған.

Сапар аясында Мемлекет басшысы шет мемлекеттердің көшбасшыларымен және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар президент дөңгелек үстел отырысына қатысып, ірі трансұлттық корпорациялар өкілдерімен кездеседі. Бұл жиындарда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады. Бұған дейін мемлекет басшысы біршама кездесулерге қатысқанын еске саламыз.

Серіктес жаңалықтары