×
542.67
638.89
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.67
638.89
6.51

Ет бұдан ары қымбаттамайды - министр Сапаров

Бүгін, 11:48
Ет бұдан ары қымбаттамайды - министр Сапаров
Коллаж: Ұлысмедиа

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда ет бұдан ары қымбаттамайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҰРАҚ

“Бұған дейін министрлік мал шаруашылығында 2025 жылдың бірінші жартысында барлық мал түрінің көбейгенін, сәйкесінше ет ел тұрғындарының қажеттілігін толық өтейді деген ақпарат таратты. Егер сиыр саны өссе, оның еті неге қымбаттайды? Нарық заңы бойынша баға төмендеуі керек емес пе?”, - деп сұрады журналист. 

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Министр Айдарбек Сапаровтың сөзінше, мал саны жеткілікті. 

- 17 пайызға көбейді. 7,9 миллион бас болса, қазір 8,7 миллионға жетті. Ал енді өзіндік құны туралы айтар болсақ,  бұрын малды тірідей өлшемге алсақ, 1200-ден 1300-ге дейін баратын. Қазір 1700, 1800-ге дейін өсті. Себебі тариф, су бар, шөп дайындау жұмыстары бар, сондықтан 200 теңгеге өсті, – дейді министр. 

Оның сөзінше, еттің үш категориясы бар. 

- Жоғары сұрып, орташа сұрып бар. Сондықтан баға 500 теңгеге дейін өскен болуы мүмкін. Бірақ әрі қарай өсу болмайды. Бүгінде фермерлер орташа баға 3200-3500 теңге аралығында деп өткізіп жатыр. Әрі қарай сатуға байланысты, – дейді Сапаров.

Серіктес жаңалықтары