×
542.67
638.89
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.67
638.89
6.51

Министрлер етті қайдан сатып алатынын айтты

Бүгін, 13:30
Министрлер етті қайдан сатып алатынын айтты
Коллаж: Ұлысмедиа

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистер ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрлерінен етті қайдан алатынын және бағаның өсуін сезінген-сезінбегенін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сауда министрі етті өзі базардан алады

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, ол жуырда елордадағы «Сауран» базарынан 1 келі етті 4200 теңгеге сатып алған. Бұл — сүйегі қоса салынған таза ет болған.

– Баға айырмашылығы расымен бар. Кәуапқа арналған қой еті немесе сиыр еті 5700 теңгеге дейін барады. Өйткені ол алдын ала дайындалып, қапталған ет. Яғни бәрі сіздің тұтынушылық сұранысыңызға байланысты, – деді ол.

Министрдің сөзінше, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолжетімді ет бөліктерін табуға болады.

– Егер сиыр етінің төс-жауырын бөлігін алсақ, бағасы 3000-нан 3700 теңгеге дейін өзгереді, – деді Арман Шаққалиев.

Ауыл шаруашылығы министрі делдалдарды айыптады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауабын саладағы жағдайдан бастады.

– Біріншіден, мал шаруашылығы – ауыр сала, мұны білесіздер. Фермерлерге оңай емес. Екіншіден, ет жеткілікті. Үш күн бойы сауда министрлігімен бірге жұмыс тобы аясында рейд жүргіздік. Қазір фермерлер етті барлық базарда 3000-нан 3500 теңгеге дейін көтерме бағамен өткізіп жатыр, – деді ол.

Министрдің айтуынша, сиыр еті бағасының қымбаттауына делдалдар әсер етуде.

– Мысалы, олар фермерден 3200-ге сатып алып, бір сағаттың ішінде сауда желілеріне 3800-ге өткізеді. Осылайша әр келіден 600 теңге табыс табады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Жалпы, егер фермер етті 3500-ге көтерме өткізсе, бөлшек саудада ол 4300-ден аспауы керек, – деп түсіндірді Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар, ол еттің соңғы бағасы малдың семіздігіне және сатып алушының қай бөлікті таңдағанына байланысты екенін айтты.

– Мен өзім етке базарға шықпаймын. Үйде етті жұбайым алады, бағасы шамамен 4000 теңге, – деді министр.

Серіктес жаңалықтары