×
542.67
638.89
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.67
638.89
6.51

Аштық жайлап, қантөгіс өршуде — Гутерриш Палестинадағы жағдай туралы

Аштық жайлап, қантөгіс өршуде — Гутерриш Палестинадағы жағдай туралы
Ulysmedia

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Бас Ассамблея сессиясындағы жалпы пікірталаста сөз сөйлеп, Газадағы ахуалдың төтенше шекке жеткенін мәлімдеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ

-Газадағы қасірет үшінші жыл қатарынан жалғасып келеді. Бұл – адамдықтың ең басты құндылықтарына қайшы шешімдердің салдары», — деді ол.


Гутерриштің айтуынша, қаза тапқандардың саны мен қирандылардың ауқымы «оның Бас хатшы ретіндегі қызметінде кезіккен кез келген қақтығыстан асып түсті». Ол сондай-ақ БҰҰ Халықаралық сотының геноцид қылмысының алдын алу туралы Конвенцияға сәйкес заңды күші бар уақытша шаралар қабылдағанын, бірақ соған қарамастан жағдайдың ушыға түскенін еске салды.

-Содан бері аштық дендеп, қантөгіс бұрынғыдан да күшейді. Халықаралық соттың талап еткен шаралары толық әрі дереу орындалуы тиіс», — деп баса айтты Гутерриш.

КОНТЕКСТ

Ұлыбритания, Канада, Аустралия, Португалия және Франция Палестинаны мемлекет ретінде ресми түрде мойындады. Бұл шешім халықаралық қоғамдастықтың аймақтағы жағдайға көзқарасына елеулі ықпал етуі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, Палестинаны тану қадамдары Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесіне жаңа серпін бермек. Алдағы уақытта тағы бірнеше ел осындай мәлімдеме жасауы мүмкін. 

Серіктес жаңалықтары