×
542.67
638.89
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.67
638.89
6.51

Трамп Лондон мэрін «құбыжық» деп атап, Еуропадағы миграцияны қатаң сынға алды

Трамп Лондон мэрін «құбыжық» деп атап, Еуропадағы миграцияны қатаң сынға алды
Ulysmedia

АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеп, біршама мәселені қатаң сынға алды. Трамптың қаһарынан Лондон мэрі де құр қалмады. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Лондон мэрі Садик Ханды «құбыжық» деп атап, Еуропадағы миграциялық саясатты сынға алды.

«Лондон. Онда құбыжық мэр бар, нағыз құбыжық... Олар шариғат туралы айтып жүр», – деді Трамп мінберден.

Ол Еуропадағы ашық шекара саясатын «сәтсіздікке ұшыраған эксперимент» деп атап, оған нүкте қою қажет екенін жеткізді. Оның айтуынша, егер миграция мәселесін қазірден бастап шешпесе, Батыс Еуропа күйреудің аз-ақ алдында тұр.

«Сіздердің елдеріңіз тозаққа қарай құлдырап бара жатыр», – деді АҚШ президенті.

КОНТЕКСТ

2016 жылдан бері Лондон қаласының мэрі қызметін атқарып келе жатқан Садик Хан – пәкістандық текті британ саясаткері. Дональд Трамп бұған дейін де оны «сәтсіз басшы» деп атап, бірнеше рет әлеуметтік желілерде сынға алған.

Серіктес жаңалықтары