Астанадағы «Нұр-Орда» мектебіне қатысты ата-аналардың шағымы әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Айтуынша, білім ордасында буллинг кең тараған, ал мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер мәселені шешуге құлықсыз.
Толығырақ
Бір ата-ана өз баласының сыныптастары тарапынан жүйелі түрде қудаланғанын мәлімдеді. Алайда мектеп басшылығы шағымдарға жауап бермей, керісінше, жәбірленушіні кешірім сұратуға мәжбүрлеген.
«Әр барған сайын көз жасына ерік беріп, тіпті жедел жәрдем шақыруға тура келді. Құқықтарым қорғалмақ түгілі тапталды», — дейді ол.
Ата-аналардың пікірінше, «Нұр-Орда» соңғы жылдары қауіпсіз білім ордасынан буллинг пен әділетсіздік белең алған ортаға айналған.
Осыған байланысты кейбір ата-аналар Бала құқықтары жөніндегі комитетке, ювеналды полицияға және басқа да органдарға жүгінген. Дегенмен нәтиже болмағанын айтады.
Әлеуметтік желідегі жазбада мектептің бұрынғы беделі мен қазіргі ахуалы салыстырылып, «интеллигенция ортасы» болған білім орны бүгінде «буллинг ошағына» айналды деген сын айтылған.
Қазіргі таңда ата-аналар билік пен уәкілетті органдардан нақты шара қабылдауды талап етуде.