×
542.67
638.89
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.67
638.89
6.51

Қазақстан екі мемлекет — Израиль мен Палестина — қатар өмір сүру идеясын қолдайды

Қазақстан екі мемлекет — Израиль мен Палестина — қатар өмір сүру идеясын қолдайды
Ulysmedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінде сөз алды. Преиздент Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінде жауапты орта деңгейдегі державалардың да дауысы елеулі түрде күшейтілуі қажет деген ұстанымын айтты.Сонымен қатар, Палестина мен Израильдің екі бөлек мемлекет ретінде болуын қолдайтынын жеткізді. 

 

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінде Газадағы гуманитарлық дағдарыстың қорқынышты деңгейге жеткенін атап өтті. Ол бұл қақтығыстың тарихи тамырлары өте күрделі екенін айтты.

Тоқаев Қазақстан барлық бейбіт тұрғындарды қорғауды және халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес гуманитарлық көмекке кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуді талап ететінін жеткізді. Сонымен қатар, ел басшысы ООН-ның орталық рөлімен екі мемлекет — Израиль мен Палестина қатар өмір сүру принципіне негізделген шешімді қолдайтынын растады.

«Біз қақтығыстың түпкі себептерін елемейміз. Қазақстан барлық бейбіт тұрғындарды қорғауды және гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуді талап етеді. Сондай-ақ, БҰҰ-ның орталық рөлімен Израиль мен Палестина қатар өмір сүретін екі мемлекет шешімін қолдайтынымызды тағы бір мәрте растаймыз», — деді Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Израиль мен Палестина қатар өмір сүретін екі мемлекет идеясын қолдайтынын жариялады. Ел басшысы бұл позиция халықаралық құқыққа және бейбітшілік принциптеріне негізделгенін атап өтті. Қазақстанның ұстанымы бойынша, екі мемлекет тең дәрежеде өмір сүру арқылы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге болады.

Тоқаев БҰҰ-ның орталық рөлімен екі мемлекет қатар өмір сүру принципіне негізделген шешімді қолдайтынын растады және Араб бейбітшілік бастамасы, Нью-Йорк декларациясы мен Авраам келісімдері сияқты дипломатиялық бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

-Егер көшбаcшылық пен саяси ерік-жігер болса, бұл құжаттар араздықты ынтымақтастық пен ортақ игілікке айналдыруға болатынын көрсетеді. Сондай-ақ біз АҚШ Президентінің араағайындығымен Әзербайжан мен Армения қарым-қатынасының қалыпқа түскенін ерекше ықыласпен қабыл алдық. Бұл дипломатия мен парасатты шешімнің арқасында ұзақ жылға жалғасқан кез келген қақтығысты реттеуге болатынын дәлелдеді. Қазақстан осы қағидатқа сүйеніп, дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді, күш қолданғаннан гөрі диалог жүргізуді жөн деg- санайды.

Серіктес жаңалықтары