Қазақстан жасанды интеллектіні тек технологиялық жаңалық емес, адамзат дамуына әсер ететін стратегиялық сала ретінде қарастырады. Президент Тоқаев БҰҰ мінберінде осы бағыттағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді атап, елдің цифрландыру мен ЖИ дамыту жоспарын жариялады.
Қазақстан жасанды интеллектіні тек технологиялық жетістік емес, адамзат дамуына қозғау салатын үлкен табыс ретінде қарайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
-Алайда, жасанды интеллектіні дамытудың тәуекелдері де бар. Атап айтқанда, ол технологиялық, экономикалық және геосаяси теңсіздіктердің күшеюіне әкеледі-деді.
Ол әділеттілік, жауапкершілік пен адам құқықтарын қорғау мәселелері жедел шешілуі керегін, және әр ел ЖИ артықшылықтарын пайдалана алатындай ұжымдық күш-жігер қажет екенін атап өтті:
-Этика нормалары бұл эволюцияның соңында қалып қоюына жол бермеуіміз керек-деді.
Қазақстан БҰҰ бастамасымен Жасанды интеллектіні басқару бойынша жаһандық диалогты қолдайды. Ел президентінің сөзінше, бұл платформа ЖИ саласындағы қауіпсіздік, инклюзивтілік және адамға бағдарлану принциптерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда жасанды интеллект экономика мен мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық саласына енгізілуде. Қазірдің өзінде оның инфрақұрылымы жасақталып, дарынды жас мамандар бұл жобаны жүзеге асыруға дайын.
-Біздің стратегиялық мақсатымыз – үш жылдың ішінде Қазақстанды толық цифрланған елге айналдыру-деді.
Жаппай цифрландыру мен ЖИ қолдану елдің ұлттық басымдықтарына айналған. Электрондық үкімет мемлекеттік қызметтердің шамамен 90 пайызын цифрлық форматта ұсынады. Жуырда Қазақстанда ең қуатты ұлттық суперкомпьютер іске қосылғанын айтты.
Алайда Мемлекет басшысы жасандыт интелект дамыған сайын жұмыс орны қысқару қаупі барын алға тартты.
-ЖИ мен автоматтандыру көптеген елде жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін. Сондықтан цифрлық прогресс кәсіптік біліммен қатар жүруі тиіс». Қазақстан жұмыспен қамтуды арттырып, кәсіптік мамандықтардың мәртебесін көтеруге ерекше назар аударады- деді.