×
545.01
642.84
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.01
642.84
6.52

Өзбекстанның туристік қазынасын байытып отырған - қазақтар

Бүгін, 08:28
Өзбекстанның туристік қазынасын байытып отырған - қазақтар
Ашық дереккөзден

2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Өзбекстанға 6,3 млн шетелдік турист келген – бұл өткен жылмен салыстырғанда 49 пайызға көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Статистика агенттігінің дерегінше, 2025 жылдың алғашқы жеті айында Өзбекстанға туристік мақсатпен 6,3 млн шетел азаматы келген. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 млн-ға немесе 48,9 пайызға артық. Елдер бойынша үлес мынадай:

  • Қырғызстан — 1,84 млн (былтыр — 1,2 млн)

  • Қазақстан — 1,46 млн (845,8 мың)

  • Тәжікстан — 1,44 млн (1,2 млн)

  • Ресей — 536,8 мың (442,1 мың)

  • Ауғанстан — 267,5 мың (2,9 мың)

  • Түрікменстан — 208,8 мың (83,7 мың)

  • Қытай — 103,1 мың (35,5 мың)

  • Түркия — 96,5 мың (62 мың)

  • Үндістан — 38 мың (33,3 мың)

  • Оңтүстік Корея — 25 мың (23,9 мың)

  • Басқа елдер — 289 мың (231 мың).

Осылайша, Өзбекстанға келген ауғанстандықтардың саны шамамен 93 есе артқан, қытай туристері – 2,9 есе, ал түрікменстандықтар – 2,5 есе көбейген. ТМД елдерін есепке алмағанда, Ауғанстан Өзбекстан үшін ең ірі туристік ағын көзіне айналды. Сарапшылар мұны Термездегі логистикалық орталықтың ашылуымен байланыстырады.

Жалпы, барлық туристің 5,2 миллионы немесе 82,5 пайызы – көршілес мемлекеттердің азаматтары. Экономист Отабек Бакировтың айтуынша, туристік қызметтердің экспорты жеті айда 2 млрд 542,3 млн доллар болған. Яғни әрбір шетелдік турист орта есеппен 403 долларлық қызмет пайдаланған. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1 млрд 746,4 млн долларды немесе адам басына 416 доллар.

Серіктес жаңалықтары