Жүргізушілер бірнеше аптадан бері су мен тамақсыз отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Mash басылымының мәліметінше, Қазақстан мен Ресей шекарасында жеті мыңға жуық жүк көлігі кептеліп тұр. Негізгі жүктің басым бөлігін киім-кешек, аяқ киім, ас үй ыдыстары мен тоқыма бұйымдары. Сонымен қатар, он жүк көлігі үстел ойындарын әкелуде, олардың көпшілігі арнайы тапсырыспен жасалған. Мұндай бір жүктің тасымалының құны, тауар бағасын есептемегенде, шамамен 70 мың доллар.
САЛДАРЫ
Жүргізушілер үш апта бойы ас-сусыз, дәретханасыз қалып отыр. Бұл жағдай тауарлардың нарық пен тапсырыс беру орындарына жеткізілуіне кедергі келтірген. Соның салдарынан кәсіпкерлер қаржылай шығынға батып, келісімшарттарын орындай алмай отыр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайы, бұған дейін 21 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері кептелісте тұрып қалған. Көлік министрлігі себептерін түсіндіруге тырысты.