×
545.01
642.84
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.01
642.84
6.52

Кремль Путин мен Зеленскийдің Қазақстанда кездесуіне қатысты пікір білдірді

Бүгін, 14:08
Кремль Путин мен Зеленскийдің Қазақстанда кездесуіне қатысты пікір білдірді
Фото: Кремль баспасөз қызметі

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Владимир Путинмен кездесуді Қазақстанда өткізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Песковтың айтуынша, Украина «өте көп ұсыныстар айтып отыр». Қазақстанға дейін Киев Ресей үшін «мүлде қолайсыз» елдерді атаған, олардың қатарында Швейцария мен Австрия бар. Песков бұл еуропалық мемлекеттерді «де-факто енді бейтарап елдер емес» деп атады.

Сонымен қатар, Путин мен Зеленскийдің кездесуін АҚШ президенті Дональд Трамп та қолдап, тіпті өзі оған қатысуы мүмкін екенін айтқан. Ал Германия канцлері Фридрих Мерц пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сияқты бірқатар лидерлер мұндай екіжақты саммиттің жақын арада өтуі екіталай деп санайды.

КОНТЕКСТ

Украина президенті Владимир Зеленский Fox News телеарнасына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу мүмкін орындары туралы пікір білдірген еді.

– Мен оны Киевке шақырған жоқпын, мен тек оның мені Мәскеуге шақырғанын айттым. Бұл – кездесуді кейінге шегеру үшін жасалған қадам. Бұл тура менің оны Киевке шақыруым сияқты болар еді. Трамптың командасы, менің командам, еуропалықтар, соның ішінде Макрон мен өзге де лидерлер бәріміз кездесуді Түркияда, Сауд Арабиясында, Катарда, бейтарап еуропалық елдерде – Австрия немесе Швейцарияда өткізуді ұсындық. Тіпті Путин кездесуді Қазақстанда өткізгісі келсе де, біз дайынбыз, – деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездескен болатын

Серіктес жаңалықтары