×
545.01
642.84
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.01
642.84
6.52

Депутаттар адамды басқаруға қабілетті жасанды интеллекттен алаңдаулы

Депутаттар адамды басқаруға қабілетті жасанды интеллекттен алаңдаулы
Ulysmedia.kz

Қазақстанда жасанды интеллектті дамытуға арналған заң жобасы мәжілісте мақұлданды. Құжатта ең бастысы – адамға қауіп төндіретін функцияларға тыйым салу көзделген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанда жасанды интеллектке қатысты жаңа заң жобасында ең басты талаптардың бірі – адамның еркіндігіне қол сұғатын функцияларға қатаң тыйым салу көзделген яғни енді жасанды интеллект жүйелері адамның мінез-құлқын басқаруға, оның эмоциясын талдап соны пайдаланып ықпал етуге, азаматтарды «әлеуметтік рейтингке» бөлуге және келісімсіз жеке деректерін жинауға жол берілмейді бұл шектеулердің мақсаты – қоғамды цифрлық манипуляциялардан қорғау және технологияның адамға үстемдік құруына тосқауыл қою. 

Депутаттардың айтуынша, бұл нормалар азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын қорғауға, сондай-ақ қоғамды қауіпсіздендіруге бағытталған. Сарапшылар мұндай талаптың қажет екенін айтқанымен, «бұл технологиялық прогресті тежей ме?» деген сұрақ та туындайды.

Заң жобасында сонымен бірге ұлттық жасанды интеллект платформасын құру қарастырылған. Ол деректер кітапханалары мен суперкомпьютерлерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Құжат енді Сенат талқылауына жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары