×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

"Мұны қалай түсінуге болады?". Әскери қызметкердің әйелі үндеу жасады

25.09.2025, 08:08
"Мұны қалай түсінуге болады?". Әскери қызметкердің әйелі үндеу жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Әскери қызметкердің жұбайы Қазақстан қорғаныс министріне үндеу жасады. Әйелдің айтуынша, әскери отбасылар баспанаға берілетін төлемдерден айырылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық Алина Мұсабек қорғаныс министрі Даурен Қосановтан баспанаға қатысты төлемдерге түсініктеме беруді талап етті. Оның бейнеүндеуіне «Отбасы банкінен» алынған ақпарат себеп болған.

– Біз, әскери қызметкерлердің әйелдері мен олардың отбасы, тағы да сізге жүгінеміз. Кеше баспана төлемдері желтоқсанға дейін бұрынғы тәртіппен берілетіні айтылды. Бірақ бүгін «Отбасы банк» бізді 2025 жылдың 1 қазанынан бастап тіркелген келісімшарттарды банкке тапсыруға міндетті болатынымызға сендірді. Әйтпесе, төлем тоқтайды. Мұны қалай түсінуге болады? Заң 1 шілдеде қабылданды да, екі аптада күшіне енді. Ал қайта қарауға жарты жыл, бір жыл қажет. Неге қазір әскерилердің әйелдері күнде алаңдап, түсініктеме қашан береді деп күтіп отыр? – деді ол.

РЕФОРМА ЖӘНЕ СЫН

Әскерилердің отбасы алатын баспана төлемдері олардың төмен жалақысын ішінара өтеп келген. Алайда 1 шілдеден бастап қорғаныс министрі бұл ережеге өзгеріс енгізді: енді бұл ақша еркін жұмсалмайды, тек жалға алу ақысына, ипотека төлеуге немесе болашақта үй сатып алу үшін жинақтауға ғана пайдаланылады.

Бұл өзгеріс қоғамда үлкен сынға ұшырады.

– Баспанаға берілетін төлемдер қатаң мақсатты болып табылады және оларды заңда қарастырылмаған басқа мақсаттарға жұмсауға болмайды. Бұл – жалға алу ақысы, тұрғын үйді сатып алу, тұрғын үй құрылыс жинағына қаражат жинақтау, сирек қолданылатын үлестік қатысу немесе тұрғын үй кооперативіне қатысу, – деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Серіктес жаңалықтары