×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Ресейге көшіп кеткен отбасылар Қазақстанға қайтып жатыр

25.09.2025, 09:00
Ресейге көшіп кеткен отбасылар Қазақстанға қайтып жатыр
Фото: proza.ru

Ресейге қоныс аударған отбасылар Қазақстанға қайтып жатыр. Елге оралу туралы шешім тегін мектептік білім беруден бас тартуға байланысты қабылданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстаннан қоныс аударған этникалық орыс балалардың ондағаны Тюмень қаласында қиындықтарға тап болды: орыс тілінен тестілеуде 2-3 қате кеткені үшін оларды мигранттармен теңестірген. Соның салдарынан мектепке қабылдаудан бас тартылуда.

– Баламның әдебиет пен орыс тілінен тоқсандықта да, жылдықта да бестік бағасы бар. Бүкіл отбасы орысша сөйлейміз, күйеуім екеуміздің де жоғары біліміміз бар. Соған қарамастан бізге «тілді үйреніңдер» деген тұрпайы жауап беріледі. Бұл менің де, баламның да намысына тию. Біз үшін де, құжат тапсырған мектептің мұғалімдері үшін де бұл шок болды. Барлығы біз тесттен оңай өтіп, мектепке қабылданамыз деп сенген, – дейді Оксана есімді аналардың бірі.

ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАР

Балалар білімсіз қалмауы үшін ата-аналар апелляция бере бастады. Сол кезде бірнеше нақты заңбұзушылық ашылды. Мысалы, бір мектепте міндетті ауызша емтихан мүлде өткізілмеген, екіншісінде қателерді ашып көрсетуден бас тартқан, үшіншісінде тест кезінде өрт дабылы қайта-қайта қосылып, балаларды қорқытқан.

САЛДАРЫ

Нашар тест нәтижелері кейбір отбасыларды уақытша Қазақстанға оралуға мәжбүр етті, деп жазады ura.ru. Ал басқа бір бөлігі балаларын онлайн-мектептерге беріп жатыр. Мұндай оқу айына 15-тен 35 мың рубльге дейін (қазіргі бағам бойынша 97-228 мың теңге) тұрады. Кейбір балалар жай ғана күтіп отыр. Қараша-желтоқсан айларында тестті қайта тапсыруға мүмкіндік болады дейді. Бірақ ол уақытқа дейін оқу жылының үштен бірі өтіп кетеді.

Серіктес жаңалықтары