×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Блогер ауыл шаруашылығы министрін сотқа берді

25.09.2025, 09:30
Блогер ауыл шаруашылығы министрін сотқа берді
Коллаж: ulysmedia.kz

Журналист әрі блогер Кирилл Павлов ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты сотқа берді. Оған сүтке қатысты статистика себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Павлов Астана полициясына «Қазақстанның сүт өнімдерімен 100% өзін-өзі қамтамасыз етуі туралы әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін» арыз жазған. Ол сондай-ақ бұл мәселені президент әкімшілігінің бақылауына алуды сұрады. Бұдан бөлек блогер статистика мен халықаралық дерекқор мәліметтерін келтірді: 2024 жылы Қазақстан 183 мың тонна сүт пен одан жасалған өнімдерді 410,7 млн долларға импорттаған.

– Ірімшік мен сүзбе нарығындағы импорт үлесі 48%-ға жетеді, ал май мен тоң май өнімдері бойынша – 15% (салалық қауымдастықтардың деректері), – деді Павлов.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, 8 ай ішінде Қазақстанда сиыр еті бірден 23 пайызға қымбаттады. Жалпы, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы орта есеппен 7,9 пайызға өсті. 2025 жылдың 20 қыркүйегінде ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықта сиыр етінің қымбаттап жатқанын мойындап, бұл жағдай тұтынушылардың алаңдаушылығын тудырып отырғанын хабарлады. Ал 23 қыркүйекте министр Сапаров Қазақстанда ет бұдан былай қымбаттамайтынын мәлімдеді. Сол күні сауда министрлігінде сиыр еті бағасына қатысты «жедел желі» іске қосылды.

Серіктес жаңалықтары