×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Қазақстан қарақалпақстандық белсендіге босқын мәртебесін бермейтін болды

25.09.2025, 12:38
Қазақстан қарақалпақстандық белсендіге босқын мәртебесін бермейтін болды
Фото: vlast.kz

Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбай (Мұратов) Қазақстанда босқын мәртебесін ала алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жоғарғы сот төменгі инстанциялардың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі X парақшасында жазды.

– Астанадағы сот шешімі күтпегендей емес болды, маған түпкілікті түрде босқын мәртебесі берілмеді. Өкінішке қарай, әзірге басқа мәлімет айта алмаймын. Сот отырысына келіп қолдау көрсеткен және әлі күнге дейін көмектесіп жүргендердің бәріне ризамын, – деп жазды Мұратбай.

БЕЛСЕНДІ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ?

Мұратбай – Өзбекстан азаматы. 2010 жылдан бері Қазақстанда тұрады, қамауға алынғанға дейін Қарақалпақстандағы оқиғаларды белсенді түрде жариялап келген.

ҰСТАЛУЫ МЕН ҚАМАУҒА АЛЫНУЫ

2022 жылдың жазында Қарақалпақстан астанасы Нүкісте өткен жаппай наразылық қақтығыстарға ұласып, қан төгілген еді. Осы оқиғадан кейін Өзбекстан билігі белсендіні «конституциялық құрылысты құлатуға әрекеттенді» және «тәртіпсіздіктерге шақырды» деп айыптап, Қазақстаннан оның экстрадициясын сұраған болатын.

2024 жылы 15 ақпанда сағат 21:50-де ішкі істер министрлігінің екі қызметкері Ақылбек Мұратовты үйінен алып кеткен. Кейінірек ол сүйіктісіне қоңырау шалып, ұсталғанын айтты. Мұратовтың айтуынша, оны ұстауға қарақалпақстандық Мұхамедин Оразбайұлы Баймұрзаев қатысқан.

Артынша Алматыдағы сот Мұратовты 40 тәулікке қамауға жіберді. 

Серіктес жаңалықтары