×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Сарапшы Ақордадағы ауыс-түйістің себебін айтты

Бүгін, 10:37
Сарапшы Ақордадағы ауыс-түйістің себебін айтты
Фото: Ақорда

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Ақордадағы ауыс-түйіс немен байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әшімбаев президент әкімшілігіндегі кадрлық ауыс-түйістерді Ерболат Досаевтың жақында тағайындалуымен байланыстырды.

– Әдеттегідей, нақты деректер келтірілген жоқ. Болжамға қарағанда, әкімшілікке Ерболат Досаевтың келуіне байланысты функциялар қайта бөлінген сияқты. Айтпақшы, бүгін оның тегі Ақорда сайтында пайда болды. Ол Айбек Дәдебай мен Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің арасынан орын алды, – деп атап өтті ол.

ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Еске салайық, 19 қыркүйекте Алматының экс-әкімі Досаев президент әкімшілігінде қызметке тағайындалған болатын. 

Ал күні кеше Тоқаев екі көмекшісі мен бір кеңесшісін қызметінен босатты. Оның ішінде: 

  • Тамара Дүйсенова президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды
  • Президенттің кономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған Қанат Шарлапаев лауазымынан босатылға
  • Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.

БҮГІН КІМДЕР КЕЛІП, КІМДЕР КЕТТІ

Бүгін, 26 қыркүйекте де біраз тағайындау жүргізілді. Оның ішінде: 

Ержан Қазыхан президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды. Ол Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды. Ал бұл қызметті атқарған Ерлан Әлімбаевлауазымынан босатылды. 

Ал Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрі басшылығынан кетіп, президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 

Сыртқы істер министрлігін енді Ермек Көшербаев басқарады. Ол бұған дейін үкімет басшысының орынбасары болған. 

Одан бөлек, Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары