×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Қазақстанда жұмыссыз әйелдер көп

Бүгін, 12:08
Қазақстанда жұмыссыз әйелдер көп
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда әйелдердің жұмыссыздық деңгейі ерлерден жоғары. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Балаеваның айтуынша, бұл – экономикалық теңсіздіктің айқын көрінісі. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ға жетсе, ерлерде – небәрі 4,2%. Жалақыдағы гендерлік алшақтық 25,7%-ға дейін өскен. Министр бұл деректерді Алматыда өткен BeWoman форумын ашу барысында айтты.

Сонымен қатар, Аида Балаеваның сөзінше, бүгінде Қазақстандағы кәсіпкерлердің жартысына жуығы – әйелдер. Мемлекеттік қызметте бұл көрсеткіш одан да жоғары – 55%-дан асады.

Балаева Қазақстандағы ең «ерлерге тән» салаларға да тоқталды. Парламент депутаттарының шамамен 20%-ы ғана әйелдер. Дипломатия мен әскери салада әйелдердің үлесі аз: елшілердің 4%-ы, полиция қызметкерлерінің 16%-ы және армиядағы командалық лауазымдардағы әйелдер небәрі 4,4%.

– Дегенмен, біз дәл осы салаларда болашақта өсу әлеуетін және әйелдер лидерлігіне жаңа мүмкіндіктерді көріп отырмыз, – деп түйіндеді Балаева.

Серіктес жаңалықтары