Қазақстанда IT-компаниялардың көбеюіне байланысты қазіргі Astana Hub алаңдары жеткіліксіз. Осыған байланысты Үкімет ЭКСПО аумағының инфрақұрылымын Цифрлық даму министрлігінің қарамағына беруді шешті.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әуелде «болашақ энергиясы» деп дәріптелген ЭКСПО нысандары кейін біресе көрме павильондары, біресе кеңсе алаңдарына айналған еді. Енді шенеуніктер оны «Экспоненциалды кластер» ретінде қайта пайдалануға уәде беріп отыр.
-Экспоненциалды кластердің жүрегі Alem.ai жобасы болса, экожүйенің негізгі элементтеріне Astana Hub, жасанды интеллект университеті, Qaztech платформасы, сондай-ақ медицина, дрон индустриясы және робототехника салаларындағы технологиялық орталықтар кіреді,- деді Мәдиев.
Сондай-ақ криптоэкожүйе мен венчурлық қаржыландыру да осы жобаның бөлігіне айналатыны айтылды.
КОНТЕКСТ
Astana Hub дерегінше, бүгінде технопаркта 1 700-ден астам компания бар. Олардың жылдық табысы 1,5 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткіш 5 жылда 40 есеге артқан деп көрсетілген. Технопарк қазір еліміздің барлық 20 өңірінде жұмыс істейді.