×
549.15
643.88
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.15
643.88
6.71

"Айтарым бар": Лукашенко Зеленскиймен кездескісі келеді

27.09.2025, 11:26
"Айтарым бар": Лукашенко Зеленскиймен кездескісі келеді
Reuters

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина басшысы Владимир Зеленскиймен сөйлесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерден кейін “Россия 1” телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

– Мен онымен (Зеленскиймен) жай ғана сөйлескім келеді, айтарым бар, – деді Лукашенко.

Оның айтуынша, украиналық көшбасшы “сабыр сақтауға тиіс”, өйткені қазір оған “жақсы ұсыныс” дайындалып жатыр.

Лукашенко бұл мәселені Владимир Путинмен талқылағанын нақтылады, алайда егжей-тегжейін ашып айтпады.

– Президент өзі айтады. Жақсы ұсыныс, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары