×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

Қазақстанда электромобиль әкелуге берілген жеңілдік квотасы таусылуға жақын

27.09.2025, 12:42
Қазақстанда электромобиль әкелуге берілген жеңілдік квотасы таусылуға жақын
Ulysmedia коллажы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті электромобиль әкелуді жоспарлап отырған азаматтарға белгіленген жеңілдік квотасын ескеруді ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 шешіміне сәйкес, электромобильдерге (ТН ВЭД коды 8703 80 000 2) әкелу кезінде тарифтік жеңілдік қарастырылған. Алайда бұл шешім бойынша Қазақстанға әкелінетін электромобильдер санына шектеу қойылған — барлығы 15 мың бірлік.

– 2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша елге 13 мыңнан астам электромобиль жеткізілді. Бұл белгіленген лимиттің 87,2%-ына тең, – делінген хабарламада.

Осылайша, тарифтік жеңілдікпен әкелуге 1 900-ден аз электромобиль қалды.

КОМИТЕТТІҢ КЕҢЕСІ

Азаматтар автокөлікті сатып алу және әкелу туралы шешім қабылдар алдында қалған жеңілдік көлемін алдын ала ескергені жөн. Бұл мүмкін болатын шектеулерден сақтануға көмектеседі.

Серіктес жаңалықтары