×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Медиаменеджер Арманжан Байтасов ұлды болды

28.09.2025, 11:12
Медиаменеджер Арманжан Байтасов ұлды болды
Видеодан алынған кадр

55 жастағы қазақстандық медиаменеджер Арманжан Байтасов оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кәсіпкер қуанышты хабарды Instagram-парақшасында жариялап, сәбиімен бірге түскен видеоны бөлісті.

Бұл – оның отбасындағы төртінші бала. Кадрларда Байтасов нәрестені қолына алып, толқыған сәтін жасырмайды.

— Ұлым Диар дүниеге келді, құттықтап қойыңыздар! Менің бақыттым, — деп жазды ол жазба астына.

АНЫҚТАМА

Арманжан Байтасов — қазақстандық медиаменеджер, кәсіпкер, филология ғылымдарының кандидаты, Tan Media Group жетекшісі, Forbes Kazakhstan және Forbes Georgia журналдарының баспагері. Ол 1992 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін тәмамдаған. Әр жылдары “31-арна” телерадиокомпаниясын, “Нұр-Медиа” медиахолдингін басқарған. Жұбайы — Диляра Айдарбекова.

Серіктес жаңалықтары