×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Ресей әрекетіне жауап: Польша жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді

28.09.2025, 11:58
Ресей әрекетіне жауап: Польша жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді
BBC

Польша Қарулы күштері Ресей авиациясының Украина аумағындағы белсенділігіне байланысты жойғыш ұшақтардың әуеге көтерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы қарулы күштердің жедел қолбасшылығы әлеуметтік желі X-тегі парақшасында мәлімдеді.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Назар аударыңыздар. Ресей Федерациясының Украина аумағына соққы жасауы салдарынан біздің әуе кеңістігімізде Польша мен одақтас мемлекеттердің ұшақтары қолданылып жатыр, – делінген хабарламада.

Әуеге кезекші жойғыш ұшақтар көтеріліп, ал жердегі әуе қорғаныс жүйелері мен радиолокациялық барлау жоғары жауынгерлік дайындық режиміне ауыстырылды.

КОНТЕКСТ

2025 жылдың 9-нан 10 қыркүйегіне қараған түні Польша әуе кеңістігінде төтенше жағдай тіркелді: 23-ке жуық ресейлік дрон НАТО мүшесі – Польша Республикасының аумағын бұзып кірді. Осы оқиғадан кейін Еуропарламентте Ресей дрондарының Польша шекарасын қасақана бұзғаны жөнінде жедел дебаттар өтті. 

Серіктес жаңалықтары