×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Үндістандағы қайғылы оқиға: актер Виджайдың митингінде ондаған адам қаза тапты

28.09.2025, 16:12
Үндістандағы қайғылы оқиға: актер Виджайдың митингінде ондаған адам қаза тапты
Seshadri Sukumar/ZUMA Press Wire/Shutterstock

Үндістанның Тамилнад штатында танымал актер әрі саясаткер Виджайдың митингі кезінде болған қысылысудан 36 адам қаза тапты,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Билік өкілдерінің айтуынша, қайғылы жағдай Карур қаласында актердің сайлауалды науқаны аясында жақтастары алдында сөйлеп тұрған сәтінде болған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда мыңдаған адамның үгіт-насихат көлігін қоршап алғаны, Виджайдың көпшілікке су құтыларын таратып, полициядан көмек сұрағаны көрінеді.

РЕАКЦИЯ 

Штаттың денсаулық сақтау министрі Ма Субраманианның мәліметінше, 50-ден астам адам жарақат алған. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди болған жағдайды “өте қайғылы” деп атап, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Ал Виджай X-тегі парақшасында бұл трагедиядан “жүрегім жараланды” деп жазды.

Айта кетейік, бұл актердің митингілерінде болған алғашқы оқиға емес. Бұған дейін де оның Tamilaga Vettri Kazhagam саяси партиясын таныстырған кезде адамдар қаза тапқан еді.
 

Серіктес жаңалықтары