×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Ресейге жұмысқа кетіп, соғыста қаза тапқан қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді

28.09.2025, 18:52
Ресейге жұмысқа кетіп, соғыста қаза тапқан қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді
Видеодан алынған кадр

Қазақстандық Кәкімбек Мұсаев Ресейге жұмыс істеуге кетіп, кейін соғысқа аттанған. Бірнеше ай бойы хабарсыз кеткен оның денесі елге жеткізілді. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев Instagram-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Адвокаттың сөзінше, оған мақұмның бауыры көмек сұрап келген.

– Біз іздестіру шараларының нәтижесінде ол азаматтың Ресей Федерациясы жағынан соғысқа кеткенін анықтадық. Бірнеше айдан кейін ғана сол жігіттің, өкінішке қарай, денесі туысқандарына алып келе алдық, – деді Мейірман Шекеев.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Кәкімбек Мұсаев 2024 жылғы қаңтар-ақпанда Ресейге жұмыс істеуге кеткен. Алайда сол жылдың 7 желтоқсанынан кейін онымен байланыс үзілген.

– 6 не 7 желтоқсанда ең соңғы рет сөйлескенде біз видео қоңыраумен сөйлесе алмаймыз, қазір асығып тұрмын, кейін өзім хабарын айтамын деді. Содан кейін телефонына ешкім жауап бермеді. Жауап бермегеннен кейін біз қайта-қайта қоңырау шалдық. WhatsApp желісіне кіріп отырғаннан кейін қаңтар айында Марсель деген жігіт хабарласып, “Ол өліп қалды” деп хабар берді. Біз оған сенбей, дәлел сұрағаннан кейін телефонды өшіріп тастады, – дейді марқұмның туысы.

Кәкімбек Мұсаевтың жақындары қазақстандықтарға Ресейге барып жұмыс істемеуге, нәпақа табу үшін өзге жолдарды іздеуге үндеу жасады.

Серіктес жаңалықтары