×
544.26
634.72
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.26
634.72
6.52

Қазақстан мен Ресей шекарасында өзгеріс болмақ

Бүгін, 17:26
Қазақстан мен Ресей шекарасында өзгеріс болмақ
tvc.ru

Шығыс Қазақстан облысында жаңа шекара бекетін ашу ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ұзаққа созылған жобаны жүзеге асыру мәселесі Сенат пен Ресей Федерациясы Федералдық жиналысының Федерация кеңесі арасындағы ынтымақтастық комиссиясының отырысында талқыланды, деп жазады ustinka.kz.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Риддер қаласы маңында жаңа шекара өткелін ашу бастамасын көтерді. Оның айтуынша, Қазақстан тарапынан қажетті инфрақұрылым дайын.

– Бұл жобаның жүзеге асуы туристік ағымдардың артуына және сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюіне маңызды серпін берер еді. Мәселе екіжақты қарауды қажет етеді, әрі оның жақын болашақта айтарлықтай нәтиже беретініне сенімдіміз, – деді ол.

АНЫҚТАМА

Қазіргі таңда шекара өткелі тек Шемонаиха ауданындағы «Уба» бекетінде бар. Алайда мұнда ШҚО мен Ресей арасындағы қарқынды қозғалысқа байланысты жиі кедергілер туындайды.

Серіктес жаңалықтары