×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

Қырғызстанда мерзімінен бұрын болатын парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

30.09.2025, 09:00
Қырғызстанда мерзімінен бұрын болатын парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
Фото: Moritz Wolf/imageBROKER/picture alliance

Қырғызстанда мерзімінен бұрын болатын парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мерзімінен бұрын Жоғары Кеңес сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, парламент сайлау биыл 30 қарашада өтеді.

Бұған дейін Жоғары Кеңес өзін-өзі мерзімінен бұрын тарату бастамасын мақұлдаған. Бастамашыл топ қажетті 32 депутаттың қолын жинаған. Парламентті мерзімінен бұрын таратуды қолдағандар бұны 2026 жылы Жоғары Кеңес пен президент сайлауының қатар келуімен байланыстырған.

Тәуелсіз Қырғызстан тарихында жасақталған 8 парламенттің 5-еуі мерзімінен бұрын тараған. 35 үкімет пен 6 президент ауысқан. Кейбірі мемлекеттік төңкерістен кейін биліктен кеткен.

Қырғызстанда 200-ден астам саяси партия бар. Бірақ олардың ешқайсысы халық арасында айқын танымалдыққа ие емес. Осыған байланысты сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілген. Ол бойынша ел 30 көп мандатты округтерге бөлінген. Әр округтен 3 депутат сайланады. Жоғары Кеңесте 90 депутат бар.

Серіктес жаңалықтары