×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

Ақнәрдің өлімі: іс неге антикорға берілді?

30.09.2025, 16:06
Ақнәрдің өлімі: іс неге антикорға берілді?
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Ақнәр Гүлістанның қазасына байланысты резонансты іс ҚР ҰҚК жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қылмыстық іс әлі күнге дейін сотқа дейінгі тергеу сатысында тұр. Марқұмның отбасының адвокаты Инга Иманбай Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында бірнеше апта бұрын прокуратура істің материалдарын ҰҚК-ге жолдағанын айтты. Кейін іс комитет жанындағы жаңа құрылым – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілген.

– Біз бірінші кезекте полицияға, ІІМ органдарына сенімсіздік білдіріп, Бас прокуратурадан ведомствоаралық тергеу тобын құруды талап еттік. Себебі тергеу тек ІІМ-ге ғана тәуелді болмауы керек еді. Ішінара талабымыз орындалғандай болды да, Бас прокуратура істі Антикорға берді. Әдетте олар кісі өлімін тергемейді, бірақ біз ІІМ-ге сенбейміз әрі жекелеген тергеушілер мен полиция қызметкерлерінің қылмысты жасыруы мүмкін екенін де мәлімдедік. Осы логикадан келіп, Бас прокуратура істі Антикорға жолдаған сияқты. Қазір тергеумен ҰҚК жанындағы Антикор айналысып жатыр, алайда Бас прокуратура істі бақылауда ұстап отыр, – деп түсіндірді Иманбай.

АҚНӘРДІҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ

22 жастағы Ақнәр Гүлстан Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап, қаза болған. Бастапқыда полиция істі «Өзін-өзі өлтіру» бабы бойынша қозғаған. Бірақ марқұмның анасы мен туыстары оған қарсы шыққан. Олардың сөзінше, Ақнәрдің денесінде азаптау белгілері болған. Шашы жұлынып, тырнағы сынып, денесінде тістелген іздер табылған. Марқұмның анасы Гүлстан Қамит Ақнәрдің қазасына оқиға болған күні оның жанында болған құрбыларының қатысы бар деп топшылайды.

СҰҚБАТ

Ақнәрдің анасы Гүлістан Хамит Ұлысмедиаға арнайы сұқбат берген болатын

Серіктес жаңалықтары