×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

Ресей АҚШ-қа уран жеткізуді тоқтатпады

Бүгін, 09:08
Ресей АҚШ-қа уран жеткізуді тоқтатпады
Фото: David McNew/Getty Images

Ресей әлі де АҚШ-қа ядролық отынның ең ірі жеткізушісі болып қала береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ энергетика министрлігінің дерегінше, 2024 жылы Ресей америкалық коммерциялық реакторларды байытылған уранмен 20% қамтамасыз еткен. 2023 жылы бұл көрсеткіш шамамен 27% болған.

Ресейлік отынды импорттауға тыйым 2024 жылдың тамызында күшіне енді. Алайда заңда ерекшеліктер бар: энергетика министрлігі балама көздер болмаған жағдайда немесе жеткізілімдер «АҚШ-тың ұлттық мүддесіне сай» деп танылса, 2028 жылға дейін импортқа рұқсат бере алады, деп жазады Bloomberg.

Саяси деңгейде «Мәскеуге тәуелділіктен бас тарту» туралы мәлімдемелер жасалғанына қарамастан, іс жүзінде жеткізілімдер жалғасып жатыр. Кремльдің Украинаға басып кіруінен кейін ресейлік реакторлық отынды импорттауға тыйым салынғанымен, 2024 жылдың тамызында күшіне енген заң АҚШ Энергетика министрлігіне 2028 жылға дейін ерекше жағдайларда импортқа рұқсат беруге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары