×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

ІІМ Ulysmedia бас редакторына жасалған шабуылға қатысы бардың бәрін табуға уәде етті

Бүгін, 11:37
ІІМ Ulysmedia бас редакторына жасалған шабуылға қатысы бардың бәрін табуға уәде етті
Ulysmedia.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраеваға жасалған шабуыл бойынша іс қалай өрбігенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әділовтің сөзінше, тергеу әрекеттері әлі жүргізіліп жатыр.

- Оның ішінде жедел шаралар да қолға алынған. Интерпол арқылы сұрау жолданды. Сайт иелері шетелде орналасқан. Сондықтан жұмыс Интерпол арқылы атқарылуда. Белгілі бір құқықтық алгоритм бар, сервер де шетелде орналасқан. Біз ішкі периметрмен айналысып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудеміз. Интерпол арқылы мәселе қарастырылып жатыр, сайтты бұғаттау жөніндегі сұрау жолданды. Бұл бір күнде бітетін жұмыс емес, дейді Әділов. 

ІІМ орынбасары бұл қылмыстық іс ІІМ басшылығының бақылауында және ол толық ашылмайынша және барлық қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиіс тұлғалар әшкереленбейінше жабылмайды деп сендірді. 

ШАБУЫЛ

Айта кетейік, Ұлысмедиа порталының бас редакторы Самал Ибраеваға Kyzdar.net сайты арқылы сұмдық шабуыл жасалды. Самал Ибраеваның суреті, аты-жөні мен телефон нөмірі интим қызмет көрсетілетін сайттағы жалған анкетаға жарияланған болатын. 

Осы жайтқа байланысты Самал Ибраева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, көмек сұраған болатын. 

Серіктес жаңалықтары