Сарапшының айтуынша, Астана осылайша Мәскеуге ынтымақтастыққа дайын екенін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Еуразиялық саясат институтының жетекшісі Максим Крамаренко сыртқы істер министрінің ауысуы белгілі бір символизмге ие болуы мүмкін екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл қадам Ресеймен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге нұсқай алады.
- Сыртқы істер министрлігін басқарған Ермек Көшербаев 2020 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болды. Мүмкін, министрдің ауысуы Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бет бұрғанын көрсету мақсатында жасалған шығар, – деді ол.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, 26 қыркүйекте де біраз тағайындау жүргізілді. Оның ішінде:
Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрі басшылығынан кетіп, президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Сыртқы істер министрлігін енді Ермек Көшербаев басқарады. Ол бұған дейін үкімет басшысының орынбасары болған.