×
549.15
643.88
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.15
643.88
6.71

«Жар іздеуге емес, ЖИ үшін келдім»: Павел Дуров Астанада AI-зертхана ашты

«Жар іздеуге емес, ЖИ үшін келдім»: Павел Дуров Астанада AI-зертхана ашты
Ulysmedia

Астанада басталған Digital Bridge 2025 халықаралық форумына Telegram негізін қалаушы Павел Дуров арнайы келді. Сөзінің басында ол Қазақстанға келу себебін әзілмен бастап, көпшіліктің назарын аударды. Ол елдегі бастамасымен бөлісті. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров өз сөзін қалжыңмен бастап, Қазақстанға жар іздеп келмегенін айтты. Кәсіпкердің бұл әзіл-репликасы форум қонақтары арасында күлкі туғызып, залдың көңіл-күйін жеңілдетті. Сонымен қатар ол өз сөзінде Қазақстанның цифрлық даму бағытына оң бағасын беріп, жасанды интеллект саласындағы жобаларға ерекше назар аударатынын жеткізді. 

– Көптеген табысты адамдар маған Қазақстанға келіп, осында жар табуға болатынын айтқан. Өкінішке қарай, мен бұл мақсатпен келген жоқпын. Мен мұнда жасанды интеллект туралы сөйлесу үшін келдім, – деді ол.

Ол Қазақстанда AI-зертхананың ашылғанын жариялады. 

– Бір жыл бұрын біз Қазақстанда алғашқы аймақтық офисімізді ашқан едік. Бүгінде оның нәтижесін көріп отырмыз. Мен ерекше қуанышпен осы ғимаратта – Alem.AI алаңында жасанды интеллект зертханасының ашылғанын хабарлаймын. Алғашқы жоба Telegram мен Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері арасындағы коллаборация болады. Бұл жобаны ЖИ министрлігі іске қосады, – деді Дуров.

Бизнесменнің айтуынша, жаңа технология Telegram-ның 1 миллиардтан астам қолданушысына қолжетімді болмақ.

КОНТЕКСТ

ЭКСПО аумағында өтіп жатқан Digital Bridge 2025 форумының панельдік сессиясында Павел Дуров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, ресми сапармен келген Венгрия Президенті Тамаш Шуйокпен және өзге де шетелдік спикерлермен бірге сөз сөйледі. Бұл отырыста цифрлық даму, жасанды интеллект және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Серіктес жаңалықтары