×
549.15
643.88
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.15
643.88
6.71

Қазақстан Ресеймен шекарада дрондар ұшыра бастады

Бүгін, 13:31
Қазақстан Ресеймен шекарада дрондар ұшыра бастады
Polisia.kz

Қарабалық ауданының полициясы Ресеймен шекарада қауіпсіздік мақсатында дрондар ұшырды. Себебі Қостанай – Әулиекөл – Сұрған бағытындағы қозғалыс қарқынды, онда жүздеген жеңіл көлік пен жүк фуралары жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полицияның мәліметінше, жүргізушілер жиі қарсы жолаққа шығып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзады. Сондықтан қауіпсіздікті күшейту үшін учаскелерде дрондар ұшырыла бастады. Осылайша тәртіп сақшылары бір жүргізушіні құқықтан айырды: ол фураны басып озу кезінде жол белгісі мен сызықты елемеген. Қыркүйек айында полиция дрондарды жеті рет қолданып, үш осындай бұзушылықты тоқтатты.

Тағы бір құрал – бейнебақылау. Жыл басынан бері олардың көмегімен 260-тан астам заңбұзушылық анықталды:

  • рөлде отырып телефон қолданудың 50 жағдайы;

  • қауіпсіздік белдігін тақпай жүрудің 62 дерегі;

  • жаяу жүргіншілер тарапынан 70 бұзушылық;

  • жүргізушілер жол бермеген 12 жағдай.

Сонымен қатар, заңсыз тасымалдаушыларға да назар аударылуда. Мамыр айында трассада қайғылы жағдай болды: ішінде 10 жолаушысы бар шағын автобус жүк көлігімен соқтығысты. Содан бері полиция рұқсатсыз адам тасымалдаған жеті жекеменшік жүргізушінің жұмысын тоқтатты. Мәселен, Қостанайдан Челябіге бағыт алған ішінде жеті жолаушысы бар Honda шағын автобусы ұсталды. Көлік айыптұрағына қойылып, жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары