×
549.15
643.88
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.15
643.88
6.71

Қырғызстанда жаға ұстатар оқиға: 17 жастағы қызды зорлап, тұншықтырып өлтірген

Бүгін, 18:12
Қырғызстанда жаға ұстатар оқиға: 17 жастағы қызды зорлап, тұншықтырып өлтірген
Ulysmedia.kz коллажы

Қырғызстанда жаға ұстатар қылмыс болды. 17 жастағы Айсулуу Мұқашеваны өлтірген белгісіз біреу зорлап, артынша тұншықтырып өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қырғызстанның Жети-Өгүз ауданы Барскоон ауылының 17 жастағы тұрғыны Айсулуу Мұқашева 27 қыркүйекте жоғалып кеткен. Кейін оның денесі Кемин ауданынан табылды.

ХРОНОЛОГИЯ

27 қыркүйек күні кешкі сағат 20:30 шамасында Айсулуудың туыстары милицияға жүгінген. Олардың айтуынша, түскі 12:30-дар шамасында ол Қарақол қаласында тұратын танысына қонаққа кеткен, содан кейін байланысқа шықпаған.

Оқиғаға байланысты тергеуге дейінгі тексеру басталды. Барскоон ауылына кіреберістегі жанармай бекетінде орнатылған бейнебақылау камералары Айсулуудың «Honda Stream» автокөлігіне отырғанын тіркеген. Көлік тізгінінде 1984 жылы туған А.К. есімді ер адам болғаны анықталды.

Көлікті табу үшін құқық қорғаушылар арнайы жоспар жариялады.

ҚЫЛМЫС БАРЫСЫ

Милиция мәліметінше, жүргізуші Айсулууды Қарақолға апарудың орнына Жеңиш ауылындағы «Азамат» жағажайының оңтүстігіндегі алма бағына алып барған. Түскі бірлер шамасында ол қызды зорлап, кейін Тон ауданы Қаджы-Сай ауылының шығысындағы тоғанға апарып, тұншықтырып өлтірген.

Айсулуудың денесін Кемин ауданындағы Жыл-Арық автожолының 14-шақырымына тастап кеткен. Ізін жасыру үшін көлігін жуған және телефоны мен SIM-картасының көзін жойған.

ТЕРГЕУ

Бұл дерек бойынша Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы («Кісі өлтіру») бойынша іс қозғалды. Жети-Өгүз ауданының милициясы мен ІІМ-нің жедел қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотталған 1984 жылғы А.К.-ны ұстады. Ол қашып кетпек болған.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

ӨЛІМ ЖАЗАСЫ

Еске салайық, бұл оқиғадан кейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде өлім жазасын қайтадан енгізуді ұсынған болатын. 

Серіктес жаңалықтары