Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс жеті күнге созылады — 27 қазаннан 2 қарашаға дейін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖЕТІ КҮНГЕ СОЗЫЛҒАН ДЕМАЛЫС
Бірінші тоқсанның аяқталуына небәрі үш апта қалды. 2025-26 оқу жылына арналған демалыс кестесін ҚР Оқу-ағарту министрлігі шілде айының соңында бекіткен болатын. Құжатқа сәйкес, бірінші тоқсан сегіз аптаға созылады, ал күзгі демалыс — 27 қазаннан 2 қарашаға дейінгі аралықта, яғни жеті күнге жалғасады.
Айта кетейік, 27 қазан — Республика күніне байланысты демалыс күнінің ауыстырылуына орай, бес күндік жұмыс істейтін барлық қазақстандықтар үшін ресми демалыс күні болып белгіленген.
Екінші тоқсан 3 қарашада басталып, ол да сегіз оқу аптасынан тұрады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Өңірлік жекеменшік мектеп иелерінің астанаға келуі журналистер арасында үлкен қызығушылық туғызғанын жазған едік.
Жұлдыз Сүлейменова депутат кабинетінен оқу-ағарту министрінің креслосына жайғасып үлгермей жатып-ақ, бұл жұмыстың қаншалықты жүйкені жұқартатынын өмірдің өзі еске салды. Бірнеше ондаған жекеменшік мектеп иелері министрлік ғимаратының алдына келіп, бизнестерінің банкрот болудың аз-ақ алдында тұрғанын, ал балалардың жайлы сыныптарсыз қалу қаупі барын жеткізді. Көпшілік Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өкілдерге жаңа министрдің өзі шығып, мәселенің шешімін ұсынады деп күтті. Алайда олай болмады – Сүлейменова наразы топқа орынбасарын жіберді.