×
546.96
642.73
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.96
642.73
6.7

Биыл баспана барлық өңірде қымбаттаған

Бүгін, 17:55
Биыл баспана барлық өңірде қымбаттаған
Ulysmedia.kz коллажы

Жыл басынан бері еліміздің барлық аймағында екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨСУ ҚАРҚЫНЫ

Krisha.kz мәліметінше, қаңтар–қыркүйек аралығында ең жоғары өсім Ақтауда тіркелді: баға 11%-ға көтеріліп, шаршы метрі 418 мың теңгеден асты. Одан кейін Қостанай – 9,9% (415 мың тг), Шымкент – 8,3% (468 мың тг), Астана – 6,7% (547 мың тг), Қарағанды – 6,5% (397 мың тг) көрсеткіштерімен ерекшеленді.

ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЛАЛАР

Алматы Қазақстандағы ең қымбат қала болып отыр: шаршы метрі шамамен 768 мың теңге. Одан кейінгі орындарда Астана (547 мың тг) мен Шымкент (468 мың тг).
Сонымен қатар, шаршы метрі 400 мың теңгеден асатын баспана Ақтау, Қостанай, Өскемен және Атыраудан табылады.

ЕҢ АРЗАН БАСПАНА

Ең төмен баға Қызылордада тіркелген – шаршы метрі 258 мың теңге. Осылайша, елдегі ең қымбат (Алматы) және ең арзан (Қызылорда) тұрғын үй бағасының айырмашылығы үш еседен асады.

Серіктес жаңалықтары