Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің білім беру, тәрбиелеу және тамақтану нысандарын бақылау басқармасының басшысы Гүлшарат Қожатаева оқушылардың оқу жүктемесіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
САБАҚ КҮНІ ЖҰМЫС КҮНІНЕ АЙНАЛДЫ МА?
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистер қазіргі таңда оқушылардың сабақта өткізетін уақыты тым көп екенін атап өтті. Кейбір мектептерде негізгі сабақтардан бөлек міндетті түрде қатысу қажет факультативтер де бар. Бұл режим балалардың денсаулығына зиян келтірмей ме деген сұрақ туындады.
САНИТАРЛЫҚ НОРМА НЕ ДЕЙДІ?
Гүлшарат Қожатаева санитарлық ережелерге сәйкес мектептерде апталық максималды оқу жүктемесі бекітілгенін айтты. Бұл нормадан асып кетуге тыйым салынған.
«Егер оқу процесі дұрыс ұйымдастырылса, балалардың ұзақ уақыт сабақта болуы денсаулыққа қауіп төндірмейді», — деді ол.
ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ?
Оқу процесі қауіпсіз болуы үшін келесі талаптар сақталуы тиіс: