×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Америкалық рэпер Пи Дидди төрт жылға сотталды

Бүгін, 11:34
Америкалық рэпер Пи Дидди төрт жылға сотталды
Getty Images

АҚШ-та танымал рэпер және продюсер Пи Дидди (шын аты – Шон Комбс) төрт жыл екі ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол 500 мың доллар айыппұл төлейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Sky News-ке сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Прокурорлар музыкантқа 11 жылдан астам түрме жазасын сұраса, қорғаушылар ең көбі 14 ай талап еткен. Алайда сот орта шешім қабылдап, рэперді төрт жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырды.

Сот шешімі бойынша, Пи Дидди екі эпизод бойынша — әйелдерді жезөкшелікке тарту мақсатында тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылды. Судьяның айтуынша, оның түрмеден шыққан соң да сол әрекеттерді қайталау қаупі бар.

Айта кетейік, музыкантқа бұған дейін адам саудасы және ұйымдасқан қылмыстық әрекетке қатысу айыптары тағылған, алайда ол баптар бойынша алқабилер соты оны кінәсіз деп таныған.

Сот барысында Пи Диддидің зорлық-зомбылыққа бейімділігіне назар аударылды. Тергеуде 2016 жылы түсірілген бейнежазба ұсынылған – онда рэпердің өз сүйіктісі Кэсси Вентураға қол көтерген сәті көрсетілген.

Бұған дейін сот Пи Диддидің 1 миллион доллар кепілмен босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған.

Сот үкімін естіген сәтте музыкант орнынан тұрып, залда отырғандарға қарап қол шапалақтаған.

Серіктес жаңалықтары