×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Жамбыл облысында даулы тұтқындаулардан кейін полицияға жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 14:03
Жамбыл облысында даулы тұтқындаулардан кейін полицияға жаңа басшы тағайындалды
Жамбыл облысы полиция департаментінің Instagram–ы

Жамбыл облысындағы даулы тұтқындаулардан кейін полиция департаментінің бастығы болып Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырды.

Қайсар Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бері қызмет етіп келеді. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық лауазымдарды атқарған. Сондай-ақ, ол ІІМ құрамында департамент бастығы және комитет төрағасы қызметтерін де атқарған.

Контекст

Облыстық полицияның бұрынғы бастығы Бақытжан Малыбаев қызметінен орынбасары тұтқындалғаннан кейін кеткен. Орынбасары «заңға қайшы әрекет жасады» деген күдікке ілінген. Полиция бұл оқиғаға қатысты басқа нақты мәлімет бермеген.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жамбыл облысының полиция департаменті басшысының орынбасары ұсталғаннан кейін ІІМ қатарында тазарту жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Қазақстанда полицияға қатысты сын көп айтылады. Соңғы жылдары күштік құрылымда зорлау, есірткі саудасы, пара алу және қызметкерлерге қысым көрсету сияқты даулы істер жиі болады. Полиция қызметкерлерінің өздері басшылыққа жинап беретін ақшаларға, дедовщинаға, мәжбүрлі жарналарға шағымданады. Ел арасында полицияны реформалау мәселесі де ұзақ жылдан бері айтылып келеді.

 

 

Серіктес жаңалықтары