×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Қазақстанда бензин тапшылығы бола ма: сарапшы болжамы

Бүгін, 20:05
Қазақстанда бензин тапшылығы бола ма: сарапшы болжамы
ulysmedia коллажы

Ресейдегі дрон шабуылдары мен мұнай өңдеу зауыттарының (МӨЗ) тоқтауы салдарынан туындаған жанармай дағдарысы Қазақстанға да әсер етпек. Мұнай өндіру саласының сарапшысы Олжас Байдильдиновтың айтуынша, келесі жылы елде бензин тапшылығы болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СЕБЕПТЕР

Мысалы, Ресейде АИ-95 маркалы бензиннің литрі шамамен 80 рубль, яғни 500 теңге тұрады. Ал Қазақстанда оның бағасы 270–280 теңге аралығында. Мұндай екі есеге жуық айырмашылық «сұр схемалар» арқылы отынның сыртқа кетуіне түрткі болып отыр.

САРАПШЫ ПІКІРІ

Энергетика мәселелері жөніндегі сарапшы Ануар Қожабеков екі сценарийді ұсынды:

Егер негізгі сценарий бойынша жүрсек және Ресейдегі МӨЗ-дерге шабуылдар болмаса, қазан айында зауыттар ұзақ жөндеуге жабылмаса, онда айтарлықтай қымбаттау болмайды.Бірақ стресс-сценарий, яғни жаңа шабуылдар болып немесе біздің зауыттар тоқтаса, онда баға екі таңбалы пайызбен (айтарлықтай) өседі, – деді сарапшы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қырғызстанның Бәсекелестікті реттеу агенттігінің директоры Женалы Орозбаев Қазақстаннан жанармай не үшін сатып алмайтынын түсіндірген еді. 

Ресей жыл сайын Қырғызстанға шамамен 1,2 млн тонна мұнай өнімдерін жеткізеді. Бұл көрсеткішке авиаотын мен өзге де арнайы жанармай түрлері кірмейді. Елдегі тұтыну көлемі 1,4 млн тоннаға дейін жетеді. Алайда Ресейдің өзіндегі мұнай өнімдері бойынша жағдай Украинадағы соғысқа байланысты күрделі күйде қалып отыр.

– Қазіргі кезде ресейлік мұнай өңдеу зауыттарының шамамен бестен бірі жұмыс істемейді. Қырғызстандағы қор 1,5 айға жететіндей есептелгенімен, жанармай бағасының қымбаттауына мәжбүрлі жағдайлар бар, – деді Орозбаев.

Ол бағаның өсуі тек зауыттардың істен шығуымен ғана емес, инфрақұрылымның бүлінуіне де байланысты екенін атап өтті. Бұл жанармай жеткізудегі логистиканы қиындатады.

Серіктес жаңалықтары