×
545.67
636.41
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.67
636.41
6.57

Бестеректегі көлік оқиғасы: комада жатқан қыз көз жұмды

Бүгін, 09:21
Бестеректегі көлік оқиғасы: комада жатқан қыз көз жұмды
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Тамыз айында Абай облысы Бестерек ауылында болған көлік оқиғасында жапа шеккен қыз бала ес жимастан қайтыс болды. Қыз бір айдан астам уақыт комада жатқан, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Қайғылы оқиға 19 тамызда болған. 55 жастағы жүргізуші көлігімен бір топ баланы қағып кеткен. Салдарынан үш бала қаза болып, үш бала ауруханаға жатқызылған. Жүргізуші ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

Жағдайға Қазақстан президенті араласып, оқиға орнына медициналық көмек үшін әскери ұшақ жіберілген. Кейін жапа шеккен екі бала Астанаға жеткізіліп, жасы үлкендеу қыз әуелі Үржар аудандық ауруханасына, кейін санитарлық авиация тікұшағымен Семейге жеткізілген.

Денсаулық сақтау министрлігі бір баланың жағдайы өте ауыр екенін сол кезде айтқан.ҚазАқпараттың жазуынша, оқиғадан аман қалған Айерке мен Ерәділ Тұрсынғазы Астанада емделіп, үйіне қайтарылған, қазір оңалту курсын алып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары