×
545.67
636.41
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.67
636.41
6.57

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қыруар қаржы қолды болды

Бүгін, 12:16
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қыруар қаржы қолды болды
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін азайтуға бағытталған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысын жымқырды делінген шенеуніктердің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, жемқорлық салдарынан мемлекетке 152 миллион теңге зиян келген.

2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 500 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.

«Мердігер 3 жыл бойы құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны өсірілген жалған қабылдау актілерін берген», – делінген агенттік хабаламасында.

Тергеу жұмыстары барысында сот санкциясымен құны 100 миллион теңгеден асатын мүлік тәркіленген. Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

Жақында «Дорстройстест» құрылыс компаниясының басшысы Ерден Нұрбаев жеті жылға сотталған. Оның сыбайласы делінген «Samruk-Kazyna Construction» топ-менеджері Асқар Құсайынов қашып жүр. 

Серіктес жаңалықтары