×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

Трамп Си Цзиньпинмен кездесудің өтетін орны мен уақытын атады

Бүгін, 08:02
Трамп Си Цзиньпинмен кездесудің өтетін орны мен уақытын атады
Фото: Синьхуа

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы апталарда Қытай басшысы Си Цзиньпинмен Оңтүстік Кореяда кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Ақ үйде Канада премьер-министрі Марк Карнимен өткен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Трамптың айтуынша, ол ҚХР төрағасымен Оңтүстік Кореяда жүздеседі.

– Менің төраға Симен қарым-қатынасым тамаша. Өздеріңіз білесіздер, мен онымен бірнеше аптадан кейін кездесемін. Онымен Оңтүстік Кореяда жүздесемін. Бірақ біздің жақсы қарым-қатынасымыз бұрыннан жақсы, — деді Трамп.

Қытай басшысымен алдағы кездесу туралы Трамп 1 қазанда өзінің Truth Social парақшасында хабарлаған. Ол Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында АҚШ пен Қытай арасында бұған дейін жасалған, Қытайдың америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу міндеттемесін қарастыратын келісім мәселесін көтермек.

Серіктес жаңалықтары