×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

ШҚО-да 6,7 келі алтынды заңсыз өндіргендер қамалды

Бүгін, 10:23
ШҚО-да 6,7 келі алтынды заңсыз өндіргендер қамалды
Видео кадры

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕРГЕУ

Тергеу барысында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ директорының орынбасарларының бірі басқа адамдармен бірге әрекет ете отырып, кен орнын заңсыз игеруді ұйымдастырғаны анықталды. Осы мақсатта олар өз бақылауындағы «EastGoldStone» ЖШС-ін тіркеп, пайдаланған.

Бұған дейін алтын өндіру жұмыстары екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, өзеннің табиғи арнасына араласу арқылы жүргізілгені белгілі болған еді. 

ЗАЛАЛ

Атқарылған заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал 300 млн теңгеден асты.

ТІНТУ

Тінту барысында жалпы құны 382 млн теңге болатын 6,7 кг алтын, 10 млн теңге және 56 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша тәркіленді. Бұл қаражатқа сот санкциясымен бұғаттау қойылды.

ҚАМАУ

Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары