×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

Жаңа партиялар тіркеуге өтініш бермеген – әділет вице-министрі

Бүгін, 11:25
Жаңа партиялар тіркеуге өтініш бермеген – әділет вице-министрі
Фото: parlam.kz

Жаңа саяси партияларды тіркеуге өтініш түспеген. Бұл туралы мәжіліс кулуарында әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

– Әділет министрлігінде жаңа саяси партия құру туралы ешқандай өтініш қаралып жатқан жоқ, – деді Жақселекова.

Бұған дейін Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында парламент депутаты Елнұр Бейсенбаев алдағы екі жылда, яғни парламенттік сайлауға дейін, жаңа партиялар пайда болуы мүмкін екенін айтқан еді.

– Қазір Қазақстанда саяси партиялар жеткілікті. Егер бар партияларды қайта қалыптастырып, оларды жаңа талаптарға бейімдесек, бұл да жақсы нәтиже болады. Менің ойымша, алдағы уақытта кәсіби бағыттағы партиялар пайда болады, – деді депутат.

Оның айтуынша, «Ынтымақ» партиясы тіркелуді жоспарлап отыр. Алайда бұған дейін ол бірнеше рет тіркеуден өтпей қалған және процесс аяқталмаған. Депутаттың сөзінше, өткен сайлау кезеңінде «Республика» және «Байтақ» партиялары құрылған. Ал оппозициялық «Алға, Қазақстан!» партиясына 2022 жылдың мамырынан бері тіркеуден өтуге 24 рет бас тартылған.

Әр жолы бастамашыл топ құжаттарын Әділет министрлігіне тапсырып отырғанымен, ведомство саяси партиялар туралы заңдағы қол жинау тізімінің талаптарға сай еместігін айтып, бірақ нақты қандай бұзушылықтар болғанын түсіндірмей, тіркеуден бас тартқан.

Көп мәрте бас тартуға қарамастан, белсенділер құжаттарын қайта тапсырып, сотқа жүгінуді жалғастырып келеді. Ал билік өкілдері, өз кезегінде, партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілгенін алға тартады.

Айта кетейік, 8 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында саяси реформаның жаңа кезеңін жариялаған болатын. Ол бір палаталы парламентке көшу және депутаттарды тек партиялық тізім бойынша сайлау жүйесіне өтуді ұсынды. Бұл мәселе бойынша 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары