×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

Атышулы Тұрсынов Қазақстанға оралды

Бүгін, 19:55
Атышулы Тұрсынов Қазақстанға оралды
Ulysmedia коллажы

Бизнесмен Болат Әбілов режиссер Ермек Тұрсыновтың Қазақстанда жаңа жобаны жүзеге асыратынына сенімді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Болат Әбілов Facebook парақшасында фото жариялады. Кадрда режиссер Ермек Тұрсыновпен бірге композитор Еркеш Шәкеев пен «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев те бар.

“ЕЛДЕ БӘРІ ТЫНЫШ...”

“Ермек қысқа мерзімді жеке сапардан оралды, кездесіп, сөйлесуге мүмкіндік туды. Елде бәрі тыныш деп әзілдейміз, сондықтан тыныш емес дүниелерді талқылаймыз. Оның әлі талай идеялары бар, әрі мен оның қызықты туындыларын әлі де көретінімізге сенемін. Жалпы, мен қарапайым, бірақ маңызды ақиқатқа сенемін: ең жақсысы, ең шынайысы және ең маңыздысы – алда,” – деп жазды Әбілов.

БҰҒАН ДЕЙІН

Көктемде режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кетіп қалған. 

Режиссер “Бір эмиграцияның тарихы” атты желіде ұзақ жазба қалдырды. “Неге?” деген сұраққа ұзақ толғап ой қалдырды. 

Кейін Тұрсынов өзіне қарсы ақпараттық шабуылдар күшейгенін атап өтті. Оның айтуынша, "әшкерелеу" материалдары авторсыз жарияланған. Аноним мәтіндерде фильм түсіру кезінде мемлекет қаржысын жымқыру туралы, сондай-ақ режиссер мемлекеттік қаржыға түсіруге тиіс болған «Бесмойнак» фильмі мүлде таспаланбағаны жайлы жазылған.

Серіктес жаңалықтары