×
540.06
628.25
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.06
628.25
6.61

Аргентинаның экс-президентін өлтіруге оқталған адам сотталды

Бүгін, 09:46
Аргентинаның экс-президентін өлтіруге оқталған адам сотталды
Фото: Риа Новости

Буэнос-Айрестегі сот Аргентина бұрынғы президенті Кристина Фернандес де Киршнерге қастандық жасауға әрекет еткені үшін Фернандо Сабага Монтиэльді 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Оның сыбайласы Бренда Улиарте сегіз жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қастандық 2022 жылы болған. Монтиэль саясаткердің үйінің маңындағы халық арасынан өтіп, тапаншасын Кристина Киршнердің бетіне бағыттап, шүріппені басқан. Алайда қару атылмай қалғандықтан, экс-президент аман қалған. Тергеу нәтижесінде Монтиэль мен оның сүйіктісі шабуылды алдын ала жоспарлағаны анықталды.

Сотта олардың WhatsApp арқылы жазысқан хаттары мен Киршнердің үйін бақылағанын дәлелдейтін айғақтар ұсынылды. Тыңдалым кезінде Монтиэль өз кінәсін мойындап, мұндай қадамға «экс-президенттің жемқорлық әрекеттері үшін әділет орнату мақсатында» барғанын айтты.

Кристина Фернандес де Киршнер 2007 жылдан 2015 жылға дейін Аргентина президенті қызметін атқарған және Латын Америкасындағы ең даулы саяси тұлғалардың бірі саналады. Бұған дейін ол жемқорлық ісі бойынша алты жылға сотталған еді, бірақ жасы мен қауіпсіздігіне байланысты үй қамағында отыр. Қазір сайлауға қатысу құқығынан айырылғанымен, елдің саяси өміріне белсене пікір білдіріп, қазіргі президент Хавьер Милейдің саясатын жиі сынап келеді.

КОНТЕКСТ

2023 жылдың желтоқсанында Аргентина президенті Хавьер Милейдің инаугурациясынан кейін белгісіз ер адам оған шыны бөтелке лақтырған. Бөтелке президенттің басын жанай өтіп, полицей Гильермо Арментаноның мойнына тиген. Кейін жергілікті полиция 51 жастағы күдіктіні анықтаған.

Серіктес жаңалықтары